Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкелеріне су жаңа көлік сыйлаған бір үйдің 10 қызы елдің алғысына бөленді

Опубликовано:

тосынсый
Видеодан кадр: Instagram/shalgynkyzyzhaksygul

Әкесіне жеңіл көлік сыйлаған апалы-сіңлілі қыздар желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір үйдің 10 қызы ата-анасын қуантып, көптен бергі армандары орындалғанын жазды. Олар автосалоннан су жаңа "Нива" көлігін сатып алып, әкелеріне тосынсый жасады.

Қыздардың бірі сыйлық алуға үлес қосқан жан жары мен әулеттің басқа да күйеубалаларына алғыс айтты.

"Көптен ойлаған арманымыз орындалған күн. Әке мен ананың қуанған күні. Осы қуаныштың орындалуына үлкен үлес қосқан жан-жарларымызға мың рахмет. Біздермен бірге жүгіріп,идея тастап атсалысқан аппақ күйеубалдарым, ұлы мәртебелім, сіздерге Алла разы болсын. Ата-ананың қуанғанын көрген қандай бақыт", - дейді Жақсыгүл Шалғынқызы.

Қыздарынан мұндай үлкен сый күтпеген әке көзіне жас алды.

Ата-анасын қуантқан қыздарға желі қолданушылары тілектерін жаудыруда.

"Шіркін, қыз деген жақсы ғой, беретін ешнәрсесі жоқ болса да, қыз тілеулес. Қыздар, бәрің аман болыңдар, ата-аналарың аман болсын!", " Жарайсыздар, дегім келеді. Әке-шеше үмітін ақтауға жазсын!", - дейді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947907-akelerine-su-zana-kolik-syilagan-bir-uidin-10-qyzy-eldin-algysyna-bolendi-video/

pixel