Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда медициналық диспансерден қашып кеткен 12 жастағы бала іздестірілуде

Опубликовано:

Бала
Фото: Ақмола облысы ПД

Бүгін күндіз Көкшетаудағы медициналық диспансерден 12 жастағы ер бала қашып кетті. Жасөспірімді полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

12 жастағы Болат Бекдәулет Зеренді ауданында тұрады.

22 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Көкшетау қаласындағы медициналық диспансер ғимаратында анасымен бірге қабылдауда болған. Алайда ол қашып кеткен және оның қайда екені белгісіз.

Жасөспірімнің белгілері: бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, беті сопақша келген, қараторы, көзі қоңыр. Үстінде қара көк түсті күрте, екі ақ сызығы бар қара түсті бас киім, қара джинсы мен аяғында қара түсті етік болған.

Полицейлер баланың болуы мүмкін деген жерлерді тексеріп жатыр.

"Егер сіздерге жоғалған жеткіншектің қайда екені туралы бір мәлімет белгілі болса, онда 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 29-10-12, 29-10-07, 29-10-08, 8 776 110 65 65, 8 707 552 61 59 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз", - дейді Ақмола облысының полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948032-koksetauda-medicinalyq-dispanserden-qasyp-ketken-12-zastagy-bala-izdestirilude/

pixel