Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында екі ауылдастың арасындағы жанжал атыспен аяқталды

Опубликовано:

мылтық
Көрнекі фото: Хабар 24

17 желтоқсанда Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне екі ауыл тұрғынының жанжалдасып жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

щхАқпарат түскен соң оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Тәртіп сақшылары жанжалдың бұрынғы өкпе-реніштен шыққанын анықтаған.

Бір-бірімен сөзге келген ауыл тұрғындарының дауы төбелеске ұласып, содан кейін ер адамдар тараған. Алайда олардың бірі үйіне жүгіріп барып, мылтығын әкелген.

Осылайша, 35 жастағы ер адам көшеде 32 жастағы қарсыласына оқ атқан. Зардап шегугі оқ жарақатымен Қарағанды ауруханасына жеткізілген.

Күдікті өзінің іс-әрекетін мойындаған. Қару мен гильза тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948389-qaragandy-oblysynda-eki-auyldastyn-arasyndagy-zanzal-atyspen-ayaqtaldy/

pixel