jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанда 33 градусқа дейін күн суытады

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 25-27 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшсі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Яғни, ел аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жел және бұрқасын күтіледі. Солтүстік өңірлерде қар жаууы ықтимал.

Ал батыста ауа температурасы аздап жоғарлайды. Мәселен, күндіз +3 градусқа дейін жылы болса, түнде -3 градустан -13 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Солтүстік-батыста түнде 7-23 градус аралығында, күндіз 2-11 градус аралығында аяз болуы ықтимал.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33 градус болса, күндіз -10-26 градустан -5-15 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

Орталық пен шығыста да ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Атап айтқанда, солтүстік-шығыста түнде 25 градус, күндіз 20 градус аяз болуы мүмкін.

Оңтүстік аймақтарда да сынап бағанасы -20 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста түнде -8 градусқа дейін, күндіз -10 градусқа дейін төмендейді.

Алдағы күндері Қазақстанда 33 градусқа дейін күн суытады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.