Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды өлтіріп қоюы мүмкін деді": Әйелі ауыр дертке шалдыққан азаматтың тағдыры елді жылатты

Опубликовано:

Көзіне жас алған жігіт
Көзіне жас алған жігіт. Кадр: YouTube/Уақыт көрсетеді

32 жастағы Нұрлан Бекбосынұлы бүгінгі күні 3 перзентін жалғыз өзі қарап, өсіріп отыр. Бұған себеп - құдай қосқан серігінің жүйке жүйесі дертіне шалдығуы. Отау құрғанына 10 жылдан асқан азамат жұбайының дертімен де он жыл бойы алысып келе жатқанын айтады. Тіпті дәрігерлердің өзі дерті қозған кезде әйелді балаларыңнан алыс ұста деген ақыл-кеңес беріпті. Тағдыр тауқыметін тартқан әке 2-3 жылда қатты қиналғанын жасырмай, көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды.

Нұрлан Бекбосынұлы бүгінде үш баласымен бірге өз күшімен тұрғызған жер үйде өмір сүруде. Балаларының кішісі - сегіз айлық, үлкені - сегізде, ал ортаншысы - алты жаста. Нұрланның айтуынша, ол он жылдан астам уақыт бойы келіншегінің дертімен алысып келеді. Оның жұбайы көктем мен күз мезгілдерінде қатты көтеріліп, ауырады екен. Сол уақытта ол психиатриялық ауруханаға жатып, бірнеше ай ем алатын көрінеді.

Осыған қарамастан балалардың көз жасы мен адамгершіліктен аттай алмаған ол келіншегін қиын жағдайда тастамай, керісінше барлық ауыртпашылықты өз мойнына алыпты.

"Тағдырдың тауқыметіне көніп келе жатқаныма он жылдан асты. Өзіме қол салғым келген де кездер болған. Бірақ құранға жақын болғандықтан, сабыр сақтаудан басқа амалым жоқ. Мына үйді балаларым үшін өзім тұрғызған едім. Бірақ қыста қабырғалары сыз тартып, көгеріп кетеді. Оның бәрі балаларға зиян. Осының салдарынан қайта-қайта ауырып қала береді.
Мен әйелім ауырып қалғанда балалардың жанында боламын. Оларды қарайтын адам жоқ. Ата-анам Қытайда тұрады. Дәрігерлер әйелімді ауырған уақытында балаларға жолатуға болмайды дейді. Балаларыңды зақымдап, тіпті өлтіріп қоюы мүмкін дейді", - деп жағдайын баяндады ол.

Нұрлан әйелінің дерті асқынған кезде ол жан-жағындағы адамдарды, тіпті балаларды жау көріп, қолына түскен затты соған қарай лақтыратыны бар екенін жасырмайды. Сондықтан, сәбилерге зақым келмесін әрі ешкімге күні қарамасын деген себеппен күндіз-түні солардың қасынан шықпайды екен.

Сол себепті де ол отбасын асырау үшін не істерін білмей дал болуда. Оны қазіргі жағдайымен тұрақты жұмысқа ешкім алмайды екен.

"Асханаларда аспазшы болып жұмыс істеген едім. Алайда өстіп әйелім ауырған кезде, қайта-қайта қалып қойдым. Күніне 10 мың алатын едім. Бірақ амалсыз жұмыстан қалуға тура келді. Сөйтіп жұмыссыз қалдым", - дейді азамат.

Нұрлан Бекбосынұлы балаларына киетін киім-кешекті көрші-қолаң, таныстарынан сұрауға мәжбүр. Өздігінен бұл жағдайдан шыға алмайтынын түсінген әке көпшіліктен көмек сұрауды жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948698-balalaryndy-oltirip-qoyuy-mumkin-dedi-aieli-auyr-dertpen-auyratyn-azamattyn-tauqymetti-tagdyry-eldi-zylatty/

pixel