Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде балаларға қол көтерген тәрбиеші қызметінен босатылды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазір 95 бала тәрбиеленіп жатыр. Нысан осыдан 2 жыл бұрын ашылған көрінеді.

Балабақша меңгерушісі, болған жағдайға өзінің де таң қалғанын айтады.

"Өзі екінші категориялы педагог. Екі жыл жұмыс жасады. Ешқандай ата-анадан шағым болған емес, бұл бірінші рет тіркеліп тұрған жағдай. Бізде шұғыл түрде шара қолданып бұл кісіні еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатып отырмыз", - дейді балабақша меңгерушісі Анар Нұрсұлтанова.

Материал авторы: Ә. Лесбек

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде балабақшада балаларды ұрған тәрбиешінің видеосы тараған болатын.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдіріп, бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алғандарын хабарлаған еді.

Құзырлы орган тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталып, тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948794-almatydagy-zeke-balabaqsalardyn-birinde-balalardy-urgan-tarbiesi-zumystan-quyldy/

pixel