Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшада балаларды ұрған әйел видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: instagram.com/ilyasimus.tv

Қазнетте балабақшада кәсіби этиканы өрескел бұзған тәрбиешінің видеосы тарап жатыр. Полиция аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазбаны блогер Ильяс Нугуманов Instagram парақшасында жаряилады. Алайда кейінірек видео өшірілді.

Кадрлардан тәрбиешінің балалардың құлағы мен шашынан тартқанын, сәлден соң аудиторияға қолына таяққа ұқсас зат алып кіргенін көруге болады.

Блогердің хабарлауынша, болған жайттан кейін балалардың бірінің еріні жарылған.

Аталмыш фактіге қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жайтты полиция Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алған.

"Қылмыстық істің материалдары Жетісу аудандық полиция басқармасының өңдірісінде. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеледі және тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, соған сәйкес жауапкершілікке тартылады", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінен.

Фото
Видеодан кадр: instagram.com/ilyasimus.tv

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948701-almatyda-balabaqsada-balalardy-urgan-aiel-videoga-tusip-qaldy/

pixel