Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПТР тестін сұраңыз": Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Аяз атаны үйге шақыру жолын айтты

Опубликовано:

Ақшақар
Көрнекі фото: pexels.com

Жаңа жылға қарсы үйге Аяз атаны шақыруға бола ма? Бұл сауалға Алматы қалалық бас санитарлық дәрігердің орынбасары Сәдуақас Байғабылов жауап беріп, мерекенің басты кейіпкерінен вирус жұқтырып алмас үшін не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байғабылов биыл Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға тыйым салынбағанын атап өтті.

"Көптеген алматылық Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата мен Ақшақарды балаларын құттықтап, оларға мереке ұйымдастыру үшін шақырады. Биылғы жылы тыйым жоқ.

Алайда біз өзімізді, туыстарымызды және жақындарымызды қорғау үшін ұсыныстар айта аламыз. Өйткені алматылықтар арасында COVID-19-дың жаңа жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр.

Шақырудың алдында Аяз ата мен Ақшақардың вакцина паспортын немесе теріс нәтижесі бар ПТР-тесті (72 сағаттан артық емес) бар-жоғын алдын ала нақтылау қажет", - деді ол.

Оның сөздерінше, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бетперде киюді және қол гигиенасын да ұмытпау керек.

"Тек осы жағдайда ғана ата-аналарға алаңдамауға болады", - дейді бас санитарлық дәрігердің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Наталья Беляева жаңа жыл мерекесінде тамақтан уланбау үшін қандай қарапайым сақтық шараларын ұстану қажеттігі жайында кеңес берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948882-ptr-testin-suranyz-bas-sanitardyn-orynbasary-ayaz-atany-uige-saqyrudyn-zolyn-aitty/

pixel