Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балаларға қол көтергені үшін басы дауға қалған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады

Опубликовано:

Полиция
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматыда балабақшада балаларға қол көтерген видеосы тараған соң басы дауға қалған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

”Алматы қалалық полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды.

Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда“, - деді Алматы қалалық ПД.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде балабақшада балаларды ұрған тәрбиешінің видеосы тараған болатын.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдіріп, бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алғанын хабарлаған еді.

Көп ұзамай оның жұмыстан қуылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948919-almatyda-balalardy-uryp-soqqan-son-dau-astynda-qalgan-tarbiesi-oz-ozine-qol-zumsady/

pixel