Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда сауда үйінің маңында жүрген түлкі көптің назарын аударды (видео)

Опубликовано:

Түлкі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде қала маңында түлкінің жүргені туралы видео тарап жатыр. Жабайы жануарлар облыс орталығында емін-еркін жүре беретін жағдай жиі кездеседі, бірақ бұл олар үшін қалыпты жағдай емес, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Қарсақ немесе дала түлкісін (Атырауда мекендейді - ред) түнде "Шалқыма" сауда үйінің маңында көрген. Жануар сауда мекемесінің кіреберіс есігіне қарай жүгіріп, бір айналып шығып, қашып кеткен.

"Оның адамнан қорықпауының өзі патология. Түлкі құтыру ауруымен ауыруы немесе қауіпті аурудың, бірінші кезекте оба тасымалдаушысы болуы мүмкін", - дейді облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр Ивасенко.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жануар иттерді ызаландыру үшін ұстаған әлдебір аңшының ауласынан қашып кеткен болуы мүмкін.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалхаров қолда ұстау нұсқасын да жоққа шығармайды.

"Түлкінің жылы жерге кіргісі келгендей дүкен есігіне қалай жүгіргеніне назар аударыңыз. Бұл дала түлкісіне ұқсамайды. Тіпті күтімі жақсы. Жалпы, Атырауда экзотикалық, жабайы жануарларды үйде ұстайтындар бар деп естідім. Құтыру ауруына келетін болсақ, оны тек зертханалық жағдайда ғана анықтауға болады", - деді ол.

Ал мамандар бірауыздан, қандай жағдайда да жабайы жануарларға қол тигізу, сипау былай тұрсын, оларға ешқашан жақындамау керек деген пікірде. Бұл жанашыр қала тұрғындары қамқорлыққа жиі алатын ауру, жаралы, титықтаған құстарға да қатысты. Қашан да аңшы немесе орнитолог шақырылуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949298-atyrauda-sauda-uiinin-manynda-zurgen-tulki-koptin-nazaryn-audardy-video/

pixel