Павлодар облысында ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түсті деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында қолдың папиллярлы сызықтарын, адамның саусақтарының іздерін анықтады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949343-pavlodar-oblysynda-auyl-turgyny-mesitten-aqsa-urlady-degen-kudikke-ilindi/