jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астана әкімдігінің грантын иеленгендердің тізімі жарияланды

Студент
Студент. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Астанада 2026-2030 жылдарға арналған елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттарын иеленушілердің тізімі бекітілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті шешім Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларының 25 және 29-тармақтарына сәйкес қабылданды.

Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне 2026-2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы №7 хаттамасы негізінде, еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қабылданды.

Грант иегерлерінің толық тізімі әкімдік сайтында қолжетімді.

Астана әкімдігінің грантын иеленгендердің тізімі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.