Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменованың ісі: Атырауда дауға айналған Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Опубликовано:

Абай ескерткіші
Фото: azh.kz

30 желтоқсанда Атырауда "Нұрсая" ықшам ауданындағы Абай атындағы орталықтың алдына орнатылған ескерткіштің салтанатты түрде ашылуы болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, абайтанушы Қадір Жүсіп және өзгелер қатысты.

"Республикалық комиссияның шешімі бойынша мүсінші Асқар Нартовтың осы жұмысы ұсынылған эскиздердің ішінен үздік деп таңдалды. Мүсін қоладан құйылған, жалпы биіктігі 11 метр", – деді Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Құралай Құмарова.

Еске салайық, бұл ескерткіш Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменева мен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің қылмыстық ісінде кездеседі.

Кейін Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді және бұл шешімін түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып, 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949392-dauga-ainalgan-abai-eskertkisi-saltanatty-turde-asyldy/

pixel