Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл керемет жетістік": Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Опубликовано:

Бибисара Асаубаева
Бибисара Асаубаева. Фото: instagram.com/bibisarachess

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпиноны атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

"Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева Польшада шахматтан өткен әлем біріншілігінде "рапидтен" күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 30 желтоқсанда қазақстандық шахматшы аталмыш жарыста "блицте" алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949512-bul-keremet-zetistik-toqaev-saxmattan-alem-cempinony-atangan-bibisara-asaubaevany-quttyqtady/

pixel