Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысындағы жағдай: Qazaq Oil мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Маңғыстаудағы наразылық шеру
Видеодан кадр: lada.kz

Qazaq Oil компаниясы Маңғыстау облысындағы газ саудасына қатысты мәлімдеме жасады. Толық ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған.

Компанияның мәлімдеуінше, өңірде Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз ЖМҚС желісінің 19 автогаз құю станциясы бар. Олар ұзақ уақыт бойы Маңғыстау облысында сұйытылған газды ең төмен бағалар бойынша сатқан.

"Сыртқы факторларға байланысты қаңтардың алғашқы күндері өңірде сұйытылған газдың құны көтерілгеннен кейін де, Qazaq Oil ЖМҚС желісінде жанармай бағасын Жаңаөзен қаласында 65 теңге деңгейінде және облыстың басқа қалаларында сату көлемін шектемей 79 теңге деңгейінде сақтап қалды.

Сұйытылған газға сұраныстың күрт өсуіне қарамастан, Qazaq Oil корпоративтік клиенттер алдында өз міндеттерін толық орындауға міндеттенеді. Яғни газды талондар мен отын карталары арқылы белгіленген баға шеңберінде өткізеді. Қорлардың шектеулі болуына байланысты жеке тұлғаларға жанармайды босатуға лимиттер енгізілуі мүмкін.

2022 жылғы 10-12 қаңтардан кейін энергетика министрлігі жариялаған литріне 85-90 теңге баға дәлізі шеңберінде жанармайдың қосымша көлемін жеткізу және сұйытылған газды шектеусіз босатуды қайта бастау күтілуде. Қазіргі жағдайда компания Маңғыстау облысында барлық тұтынушыларды сұйытылған газбен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз етуді сақтау үшін бар күшін салуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949708-mangystau-oblysyndagy-miting-qazaq-oil-malimdeme-zasady/

pixel