Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәулен Әшімбаев Маңғыстаудағы жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: parlam.kz

Парламент cенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Маңғыстаудағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол орын алған оқиғаның барша елді алаңдатып отырғанын алға тартты. Бұл туралы сенат төрағасы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Маңғыстаудағы жағдай барша елді алаңдатып отыр. Мәселе президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың толық бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Бүгінде комиссия өкілдері өңірге барып, өз жұмысын бастады. Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс және президентіміз айтқандай, барлық тараптың мүддесін ескеретін шешімге келу маңызды" , деп жазды сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстаудан сайланған сенаторлар да сол өңірде мәселенің оң шешілуіне атсалысуда.

"Біз елдіктің маңызды межесінде тұрмыз. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, егемендігімізді одан әрі нығайту - басты міндетіміз. Кез келген мәселенің шешімін табуға болады, ол үшін, ең алдымен, жылдар бойы қалыптасқан бірлігіміз бен тұрақтылығымызға сызат түсірмеу аса маңызды", - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс екендігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949718-maulen-asimbaev-mangystaudagy-zagdaiga-pikir-bildirdi/

pixel