Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалай жұмыс істеп жатыр

Опубликовано:

Елорда
Фото: facebook.com/CityTransportation

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды KAZ,NUR.KZ тілшісі "City Transportation Systems" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Автобустарда ешқандай іркіліс жоқ", - делінген хабарламада.

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, төлем әдеттегідей жол жүру картасы арқылы жасалады.

Ал интернет байланысының шектелгендігіне байланысты QR-кодпен төлем жасауда қиындықтар туындап отыр.

"Қоғамдық көлікте мұндай тәсіл арқылы төлем жасай алмаған жолаушылар сапарын одан ары жалғастыра алады", - деді "City Transportation Systems" компаниясы.

Айта кетейік, кеше түнде елордадағы Уәлиханов пен Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында тәртіпсіздіктер жалғасқан болатын.

Ол 01:30-2:00 шамасында аяқталды. Жағдайды ондаған патрульдік көлік пен автобус бақылады.

Бүгін Нұр-Сұлтандағы ахуал қалыпты. Адамдар мен көліктер қалада еркін қозғалуда. Митингтер өтіп жатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949893-nur-sultanda-qogamdyq-kolik-qalai-zumys-istep-zatyr/

jitsu gif