Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда азық-түлік базарларының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрлігі еліміздің өңірлеріндегі азық-түлік базарларының жұмыс кестесін жариялады.

120-ға жуық азық-түлік базары Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді. Бұл ақпаратты Хабар 24 арнасы ұсынып отыр.

Олардың жұмыс істеу уақытында айырмашылықтар бар болып шықты.

Мәселен, елордада сауда орындары 08:00-18:00 аралығында қызмет көрсетсе, Шымкентте базарлар таңғы тоғызда ашылып, кешкі беске дейін жұмыс істейді.

Өңірлердегі базарлардың толық жұмыс кестесі:

  • Нұр-Сұлтан – 08:00-18:00;
  • Шымкент – 09:00-17:00;
  • Тараз – 09:00-17:00;
  • Ақтөбе – 10:00-18:00;
  • Орал – 10:00-17:00;
  • Ақтау – 09:00-18:00;
  • Атырау – 09:00-18:00;
  • Көкшетау – 09:00-18:00, сонымен қатар 08:00-16:00;
  • Қостанай – 10:00-18:00, сонымен қатар 10:00-17:00;
  • Петропавл – 10:00-15:00;
  • Қарағанды – 09:00-18:00;
  • Талдықорган – 12:00-17:00;
  • Павлодар – 09:00-18:00;
  • Түркістан – 09:00-18:00.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында ірі супермаркеттер, базарлар, дәріханалар және жанар-жағармай құю бекеттері қайта жұмысын бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950121-qazaqstanda-azyq-tulik-bazarlarynyn-qalai-zumys-isteitini-belgili-boldy/

pixel