jitsu gif

"Барлық аймақта күн жылынады": Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Қыс. Көрнекі сурет
Қыс. Көрнекі сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қыс мезгілі жылдағымен салыстырғанда айтарлықтай жылы. Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылы болуда. Қазіргі таңда тағы бір антициклон ел аумағындағы аязды алып кетті.

Алайда, 15 қаңтардан бастап батыстан келетін циклонның әсері сезіледі. Ел аймақтарында жаңбыр, қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады. Термометр бағаналары тез жоғарылап, солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта -5 градусқа дейін аяз күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар, синоптиктердің болжамынша, 13 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

"Барлық аймақта күн жылынады": Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.