Алматыдағы бүлік кезінде 500-ге жуық бейнекамера қираған

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берілді.

Шұғыл әрекет ету орталығында қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналып, оларға талдау жасалады және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, президентке қаладағы террористік акті кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны жөнінде баяндалды.

Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіру тапсырылды. Қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық бейне камера бақылайтын болады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 12 қаңтарда Алматы қаласына келіп, жедел штабтың отырысын өткізді.

Сонымен қатар, президент мегаполистегі қайғылы жағдайдан қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, наградаларды табыстады.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950840-almatydagy-bulik-kezinde-500-ge-zuyq-beinekamera-qiragan/