Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 жастан асқан азаматтарға ревакцинация кезінде Pfizer препаратын салуға рұқсат берілді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинацияға қатысты жаңа тапсырмалар көрсетілген құжатқа қол қойды. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Қаулы мәтініне сәйкес, енді ревакцинация кезінде Pfizer препаратын төменде көрсетілген қауіп тобына жататын азаматтар санаты салдыра алады:

  • 60 жастан асқан адамдар;
  • медициналық қызметкерлер.

Сонымен бірге, қаулыда бас санитарлық дәрігердің тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша бұрын қабылдаған барлық шешімдері көрсетілген.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Қиясов Қазақстандағы карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951063-60-zastan-asqan-azamattarga-revakcinaciya-kezinde-pfizer-preparatyn-saluga-ruqsat-berildi/

pixel