"Жүрегім езіліп кетті": Тәртіпсіздік кезінде әскериге киімін шешіп берген тұрғындар елді сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
Еліміздің әр өңіріндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қарапайым тұрғындар әскерилерге барынша көмек көрсетуге тырысқанын әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Сондай көріністердің бірі Instagram желісіндегі пабликтерде таралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Желіде таралған видеода жаяу жүргіншілер бұзақылардан жасырынбақ болған әскериге өз киімін шешіп беріп, көмек қолын созуда.
Олар тротуарда әскери қызметкерді қоршап алып, оның киімін шешуге көмек берген. Болжам бойынша, видео Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезінде түсірілген. Алайда роликтің қай жерде түсірілгені нақты көрсетілмеген.
Желі қолданушылары аталған видеодағы көрініске сүйсініп, қиын-қыстау күндерде әскерилерге көмек берген халыққа риза болысты.
"Жүрегім езіліп кетті", "Алматылықтар керемет. Мен 18 жыл Ресейде тұрсам да, өзімді алматылықпын деп санаймын", "Көзіме жас келді. Керемет көрініс", "Жақсы адамдар көп қой, Өзім де офицердің жұбайымын. Жүрегім ауырды, аман болыңыздар", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951118-zuregim-ezilip-ketti-tartipsizdik-kezinde-askerige-kiimin-sesip-bergen-zurginsiler-eldi-suisintti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.