Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда заңсыз жүрген 41 адам шекарадан шығарылды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда заңсыз жүрген 41 адам шекарадан шығарылды. Бұл туралы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Төтенше жағдай кезінде елорда көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Қазақстанда болу қағидаларын бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Базарлардың, сауда үйлерінің, супермаркеттер мен құрылыс нысандарының аумағында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр", - деді Арман Баймұхамет. 

Оның сөзінше, көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталған, соның ішінде 295 фактісі шетел азаматтары тарапынан жасалған, 41 шетел азаматы елден шығарылды. 

Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқаны және тұрғын үй иелерінің өз үйлерінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының 940-тан астам азаматы жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 82 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төтенше жағдай режимі кезеңінде елордада 41 заңсыз келуші Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, - деді көші-қон қызметі басқармасының басшысы.

Сондай-ақ ол аталған профилактикалық іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері елде болу мерзімі өткеннен кейін кетуден жалтарған екі шетел азаматын анықтады. 

"Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен шетелдіктер республикадан тысқары жерге шығарылды", - деді Арман Баймұхамбет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951133-totense-zagdai-kezinde-qazaqstanda-zansyz-zurgen-41-adam-sekaradan-sygaryldy/

pixel