Сағынтаев Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде мерт болған 4 жасар қыз баланың отбасына барды

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook / Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмған төрт жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барды. Бұл туралы әкімдік Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қала әкімі қыз баланың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтқан.

Сонымен бірге, Бақытжан Сағынтаев жансақтау бөлімінде жатқан 15 жастағы қыздарының тезірек жазылып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тілеген.

Осы ретте, әкімдік отбасына материалдық көмек көрсетілетінін, көпбалалы жанұяға 3 бөлмелі пәтер берілетінін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 және 11 жастағы екі бала мерт болғанын, тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951258-sagyntaev-almatydagy-tartipsizdikter-kezinde-mert-bolgan-4-zasar-qyz-balanyn-otbasyna-bardy/

jitsu gif