Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таймерденов: Алматыдағы мәйітханадан белгісіз адамдар 41 мәйітті ұрлап әкетті

Опубликовано:

Алматы қаласының комендаты
Қанат Таймерденов. Видеодан кадр: ОҚК

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ОҚК-да өткен онлайн брифингте оңтүстік астанадағы тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз адамдар жергілікті мәйітханаға 7 рет шабуыл жасап, 41 мәйітті ұрлап әкеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таймерденов Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік туралы айта келе, қаладағы әртүрлі ғимараттарға, соның ішінде полиция департаментіне кәсіби дайындалған адамдар шабуыл жасағанын мәлімдеді.

"Шабуылды қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген кәсіби дайындалған адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кеткен.

Сол күндері мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалып, ол жерден белгісіз адамдар 41 мәйітті ұрлап әкеткен", - дейді ол.

Сонымен қатар, осы брифинг барысында Қанат Таймерденов қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция ғимаратына 27 рет шабуыл жасалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951424-taimerdenov-almatydagy-maiitxanadan-belgisiz-adamdar-41-maiitti-urlap-aketti/

pixel