Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

Опубликовано:

Бұрынғы министр
Фото: NUR.KZ /Алёна Бутенко

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы немесе істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.

Елордалық сот қабылданған шешім туралы қосымша ақпарат берілетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қазан айында ұсталған болатын.

Оған қарсы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды, кейіннен айыптау "лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану" деп қайта сараланды.

2020 жылдың қараша айында сот Біртановты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу барысында экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімі сегіз рет ұзартылды. Біртановтың өзі барлық айыптауды жоққа шығарып отыр.

Осыған дейін экс-министр басты сот отырысын асыға күтетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951480-elzan-birtanovqa-qatysty-qozgalgan-qylmystyq-is-sotqa-tusti/

pixel