RU

Біртановты үйқамақта ұстау туралы шешім тағы да өзгеріссіз қалды

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде. Кадр: NUR.KZ

Бүгін елордада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушылары түсірген аппеляциялық шағым қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Адвокаттар мен Біртанов үйқамақта ұстау мерзімін тағы екі айға ұзарту туралы шешіммен келіспейтінін мәлімдеген. Алайда сот алқасы бұл мәселеге қатысты шағымды қанағаттандырмауды ұйғарды.

"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылдың 14 қыркүйегінде іспен танысу кезеңінде Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылсын", - деді судья Мұрат Солтыбаев.

Айта кетсек, 14 қыркүйекте бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі жетінші рет ұзартылған еді.

Еске сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үйқамаққа алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Біртанов өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933781-birtanovty-uiqamaqta-ustau-turaly-sesim-tagy-da-ozgerissiz-qaldy/