Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда әскерилерге тамақ тасып, басын қатерге тіккен мейрамхана қожайыны мен аспаз әйел ауыр жарақат алған

Жарияланған күні:

Дәурен Талипов
Дәурен Талипов. Фото: Facebook/Aлександр Цой

Facebook желісіндегі белсенді блогер Александр Цой парақшасында талдықорғандық кәсіпкер Дәурен Талиповтың облыс орталығындағы тәртіпсіздік кезіндегі жасаған ерлігі туралы айтты. Ресторатор бұзақыларға қарсы ұрыс жүргізген полицей мен әскери қызметкерлерге тамақ тасыған. Десе де, ол өзі де ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Блогердің жазуынша, Дәурен Талипов Талдықорған қаласына танымал ресторатор және қоғам қайраткері. Ол 4 қаңтар күні қалада орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көзге түскен. Ер адам өзінің өмірін қатерге тігіп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тамақ тасумен айналысқан.

"Қалалық полиция ғимараты бүлінді, әкімдік өртенді, көліктер де өртке оранды, 101 және 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернет болмады. Барлық мейрамханалар мен тамақтану орындары жабық болды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері өз ғимараттарында жасырынды. Олардың жейтін асы болмады. Оларға ешкім тамақ таси алған жоқ", - деген ол Дәуреннің өз сөзінен үзінді келтірген:

"Менен ешкім сұраған жоқ. Мен адамдар тәулік бойы аш отырғанын түсіндім. Сондықтан өзімнің аспаздарыма хабарласып, жиналып, ас әзірлеу керектігін айттым. Қала ішінде қоғамдық көлік болмағандықтан, аспаздар мейрамханаға әзер жетті. Көбісі жаяу келіп, бірнеше күн бойы тамақ әзірлеумен болды.

Біз көлікке 400-500 порция тамақ әзірлеп, қала ішінде тасыдық. Алдын ала әскерилермен және қызметкерлермен хабарласып, бізді атып тастамас үшін қандай белгі беретінімізді айтып, түсіндірдік. Екі күн бойы ыстық тамақ апарып жүрдік.

Үшінші, 8 қаңтар күні кешке Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт мәрте шабуыл жасалған кезде біз тағы да тамақ апардық. Бірақ қайтарда Абай көшесінде атысқа тап болдық. Барлық жақтан ата бастады. Қатты жылдамдықта қаша бастағанымыз сол еді, көлігімізді БТР соғып кетті. Бізді қылмыскерлермен шатастырып алған болуы керек.

Көлігімде аспаз әйел отырған. Қатты соққыдан біз есімізден танып қалдық. Есімізді ауруханада ғана жидық. "Жедел жәрдемді" ешкім шақырмапты. Бақытымызға қарай, өтіп бара жатқан кісілер стационарға апарыпты", - деп жазды Цой.

Айта кету керек, блогер қазіргі таңда Дәурен мен аспаз әйелге бірнеше ота жасалғанын мәлім етті. Айтуынша, олар қазіргі таңда ауруханада болғанымен, жағдайы жақсарып келеді.

"Дәурен мен оның командасына осындай ерлігі үшін алғыс айтамыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951539-taldyqorganda-askerilerge-tamaq-tasyp-basyn-qaterge-tikken-meiramxana-qozaiyny-men-aspaz-aiel-auyr-zaraqat-algan/