Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ режимінде мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова ОКҚ брифингінде Алматы мен ТЖ режимі тоқтатылмаған өңірлерде балабақшалар мен мектептер күшейтілген күзетке алынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кәрімованың сөзінше, өткен жылдың ортасынан бастап барлық білім беру мекемесіндегі бейнебақылау камераларын анықтау туралы ауқымды жұмыс жасалды.

"Бұл балабақша, мектеп, мектептен тыс білім беру ұйымдары. Бейнекамераның нақты саны анықталды. Қазір барлық балабақша мен мектепте бейнебақылау камераларының саны жеткілікті. деп айта аламыз", - деді ол.

Комитет басшысы бұл жұмыстардың барлығы балаларға білім беру мекемелерінде қауіпсіз болуын ұйымдастыру бойынша кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бірінші кезекте бұл қалалар, одан әрі аудан орталықтары, содан кейін ауыл мектептері. Балалардың қауіпсіздігі бойынша жұмыстар жүргізілді, бүгін де бұл жұмыстар жалғасып жатыр",- деді Кәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951549-tz-reziminde-mekteptegi-oqusylardyn-qauipsizdigi-qalai-qamtamasyz-etiledi/

pixel