jitsu gif

"Сиырдың сүйегі тұрып қалған": Алматылық дәрігерлер тоқтаусыз жөтелген тұрғынды құтқарды

Науқастың тамағына сүйек тұрып қалды
фото : ОҚКА

Алматы қаласының дәрігерлері кеңірдегіне сиыр етінің сүйегі тұрып қалған науқасты құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 5 күн бойы тоқтаусыз жөтелген 54 жастағы тұрғын емделуге жатты. Функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Жасұлан Елемес эндоскопиялық тексеріс-бронхоскопия жүргізіп, нәтижесінде пациент кеңірдегінде сүйек тұрып қалғанын анықтайды.

"Уақытында тексеру жүргізілмегенде, бронхоскопия қабынған ісік түйіні болып, іріңді қабынуға айналып кетуі мүмкін еді. Процедура сәтті өтті, сүйек пациенттің кеңірдегіне зақым келтірмей алынды", - деді Жасұлан Елемес.

Науқас дәрігерлерге зор алғысын білдірді.

"Жөтел тамақтанып отырғанда қақалып қалған соң пайда болды. Содан жөтел тоқтамай қойды. Емханаға барып, емдеу курстарын ала бастадым. Бірақ ол да көмектеспеді. Сол себепті, ауруханаға барғанды жөн көрдім. Қабылдау бөлімшесіне барғанда, дәрігерге жөтелім ұнамады. Тексеріс жүргізген кезде сүйектің бары анықталды. Дәрігерлерге кәсібилігі үшін, дер кезінде диагноз қойғаны үшін алғысым шексіз. Сіздерге үлкен рахмет!" - деді тұрғын.

Дәрігердің айтуынша, егер адам қақалып қалғаннан кейін жөтелі тоқтамаса, мамандарға жүгінуі керек.

"Сиырдың сүйегі тұрып қалған": Алматылық дәрігерлер тоқтаусыз жөтелген тұрғынды құтқарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.