Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған көпбалалы әйелдің отбасымен кездесті

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 қаңтар күні қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде кенеттен жарақат алып, қайтыс болған көпбалалы ананың отбасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мегаполис басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алатынын жеткізді.

Айта кетейік, Жанар Өтегенова 5 қаңтар күні кешке Алматыдағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған. Себебі, оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.

35 жастағы әйелге көлікте отырғанда басына оқ тиген. Алған жарақатынан ол көз жұмған.

Оның артында 2014, 2017, 2019 және 2021 жылы туған төрт баласымен жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев қалды.

Ерлі-зайыптылар балаларымен бірге баспана жалдап тұрған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмған төрт жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951756-sagyntaev-tartipsizdik-kezinde-qaitys-bolgan-kopbalaly-aieldin-otbasyna-konil-aitty/

pixel