Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 қаңтарда Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 қаңтарда түн жарымнан, яғни сағат 00:00-ден бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"19 қаңтарда түн жарымнан, яғни сағат 00:00-ден бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады.

Бұған дейін президенттің жарлықтарына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, тағы басқа қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.

Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді.

Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951798-19-qantarda-zarym-tunnen-keiin-qazaqstannyn-barlyq-onirinde-totense-zagdaidyn-kusi-zoiylady/

pixel