Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көліктерді, жалдамалы пәтерлер мен хостелдерді тексеру жалғасады": ІІМ үндеу жасады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі аяқталған өңірлерде "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ал 19 қаңтардан бастап бұл шара басқа облыстар мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында да басталады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылық, құқықтық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау", - дейді ішкі істер министрлігі.

Ведомство заңнамаға сәйкес, ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде келесілерді жүзеге асыратынын атап өтті. Олар:

  • құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардың өздерін және заттарын жеке тексеру;
  • жалдамалы пәтерлерді, бос қалған үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды тексеру;
  • атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және тағы басқаларын тәркілеу;
  • белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтау;
  • бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырып отыр.

Айта кетсек, бүгін, 19 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимі аяқталды.

Алайда Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951899-kolikterdi-zaldamaly-paterler-men-xostelderdi-tekseru-zalgasady-iim-undeu-zasady/

pixel