Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Тараз тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тараздың тәртіп сақшылары қала тұрғындарына үндеу жасады. Құқыққорғаушылардың мәлімдемесі қалалық полиция басқармасының Instagram парақшасында жарияланды.

"Әлеуметтік желілерде кей тұлғалар бүгін, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Осыған байланысты сіздерді митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі "ҚР Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңмен реттелетінін жеткіземіз.

Ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті өтініштер түспеген", - дейді полиция.

Осы ретте, ведомство заңсыз жианлыстарды ұйымдастырып, оған қатысқаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Сіздерді заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияллардан бас тартуға шақырамыз", - деп хабарлады Тараз полиция басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев өңір тұрғындарына үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951904-policiya-taraz-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel