Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 жылдан бері тұрғындарға тегін нан таратып жүрген қостанайлық келіншек туралы не білеміз

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда дүкен иесі жұма сайын, тегін нан таратады. Ақысыз ас атасы зейнеткерлер мен мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға үлестіріліп келе жатқанына 5 жылдай уақыт болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Зейнеткер Гүлбаршын Сайдиева бұл дүкенге жұма сайын келеді екен. Ас атасын ақысыз алатын қарт ана үнемі кәсіпкерге алғысын  білдіріп, ақ батасын береді.

"Бұл кісілерге көп рахмет. Жұма сайын бізге көмек беріп  жатқанына. Алғысымды білдіремін", - деді ол.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғын Галина Панчукте өз ойын жеткізді.

"Тегін нан таратып өте қайырлы іс жасап жатыр. Дүкен иесі Светлана өте жақсы адам. Үнемі көместесіп тұрады", - деді ол. Кәсіпкер Светлана Багмут әр жұмада 170-ке  жуық бөлкені тегін таратады. Сауапты істі 5 жылдан бері жалғастырып  келеді.

Кәсіпкердің өзі бұны жалғастыра беретінін жеткізді.

"Тегін нан алғысы келетіндер қатары артып  келеді. Мысалы бүгін келгендердің  көбісі өзге шағын ауданның тұрғындары. Біз барлығына жетерліктей тапсырыс беріп отырамыз. Алдағы аптада тегін берілетін бөлкелер санын тағы көбейтеміз", - деді Светлана.

Дүкен иесінің сөзінше, қайырлы істі жасауға оның  жұбайы түрткі болған.

Бірнеше жыл бұрын Светлананың қосағы ауыр дертке шалдығып, ота жасатыпты. Қазір денсаулығы тәуір. Оның аяғынан тік тұрып кетуіне әуелі Жаратқан, одан кейін осы көпшіліктің ақ батасы медет болды деп санайды. Сондықтан сауапты істі сабақтай береміз, дейді қайырымды кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952463-5-zyldan-beri-turgyndarga-tegin-nan-taratyp-zurgen-qostanailyq-kelinsek-turaly-ne-bilemiz/

pixel