Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/rscatyrau

Атырауда 52 жастағы әйел жасанды ұрықтандыру жолымен тұңғыш баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook парақшасында хабарлады.

"Атырау облыстық перинаталдық орталығында 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен аяғы ауыр әйелге ота сәтті жасалды. Салмағы 3 келі, 70 грамм болатын ер бала дүниеге келді. Бойы - 51 см.

Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалды. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы", - делінген перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері 52 жастағы жүкті әйелді босандырып, егіз баланы аман алып қалғанын жазған едік.

Алматылық тұрғын да егіздерді ЭКҰ арқылы өмірге әкелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952771-atyrauda-52-zastagy-aiel-tungys-sabiin-bosandy/

pixel