Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KEGOC жарықтың жаппай сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Опубликовано:

Жарықтың сөнуі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетикалық желіні басқару бойынша отандық KEGOC компаниясы Қазақстанның бірқатар қаласында электр қуатының жаппай сөнуіне қатысты ресми сайтында мәлімдеме жасады.

"2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесінде (Өзбекстан, Қырғызстан) туындаған апаттық теңгерімсіздік салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр энергиясы транзитіне 500 кВ қуат көлемінде күш түскен.

Салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзитінде авариялық бөліну жағдайы болып, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы электр тұтынушыларының басым бөлігі жарықсыз қалды. Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаватты құрайды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта KEGOC АҚ жүйелік операторы апатты жою бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы мен еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнгені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952865-kegoc-zaryqtyn-zappai-sonuine-ne-sebep-bolganyn-tusindirdi/

pixel