jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Англия қазақстандық вакцинация паспортын мойындады

Ұлыбритания
Ұлыбритания. Көрнекі фото: Pexels

Англияда вакцинация паспорты мақұлданған елдердің тізімінде Қазақстан пайда болды. Тізім Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында жарияланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

11 қаңтар сағат 04:00-ден бастап Англия бірқатар елдің вакцинация паспортын ресми түрде мойындады. Осы мемлекеттер қатарында Қазақстан да бар.

Бұл мақұлданған вакциналардың бірін толық салдырғандар Англияға коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсырмай-ақ кіре алады немесе елге келген кезде карантинге жатқызылмайды деген сөз.

Ұлыбритания үкіметі мақұлдаған вакциналар:

  • Covaxin;
  • Moderna;
  • Janssen (бір компонентті вакцина);
  • Novavax (Nuvaxovid and Covovax);
  • Oxford/AstraZeneca;
  • Pfizer/BioNTech;
  • Sinopharm/Beijing;
  • Sinovac/CoronaVac.

Дегенмен, Ұлыбритания үкіметінің сайтында вакцинаның соңғы дозасын елге келерден 14 күн бұрын салдыру керек екені ескертілген.

Сонымен қатар, Англияға кіру үшін вакцинация паспорты ағылшын, француз немесе испан тілінде жазылуы тиіс. Одан бөлек, құжатта иесінің аты-жөні, туған күні, вакцинаның маркасы мен өндірушісі, вакцинацияның әрбір кезеңінің датасы және сертификат берген елі көрсетілуі міндетті. Сондай-ақ, паспортты мемлекеттік денсаулық сақтау органы берген болуы керек.

Айта кетсек, егер турист Англияға кірерден 10 күн бұрын "қызыл" тізімдегі елдерден келсе, онда азаматтың қатаң ережелерді сақтауына тура келеді. Алайда қазіргі таңда "қызыл" тізімде бірде бір ел жоқ.

Ал Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльске кіру үшін әрбір корольдіктің өзі бекіткен ережесімен мұқият танысу керек.

Англия қазақстандық вакцинация паспортын мойындады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.