Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Қаңтар" құқықтық қолдау орталығы құрылды

Жарияланған күні:

Адвокат
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның барлық аймақтарында қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін "Қаңтар" құқықтық қолдау орталығы құрылды. Орталықтың ресми хабарламасының толық мәтінін KAZ.NUR.KZ тілшісі назарға ұсынады.

"Құрметті қазақстандықтар!

Баршамыз елімізде болған қайғылы қаңтар оқиғасының куәсі болдық. Көптеген отандастарымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде әділ талаптармен бейбіт сипатты наразылық шерулеріне шықты.

Өкінішке қарай, арандатушылар мен алаяқтар, қылмыскерлер мен тонаушылар бейбіт шерудің өңін айналдырып, шырқын бұзды.

Бүгін біз жүздеген адамның қаза болғанын, із-түзсіз жоғалғанын, мыңдаған адамның жарақат алып, құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғанын білеміз.

Болған істің ақиқаты анықталмайынша, осы оқиғалардың жазықсыз құрбандарына көмек көрсетілмейінше, тарихымыздың осынау қасіретті бетін жылы жауып қоя алмаймыз.

Біз бейбіт шерулерге қатысып, заң аясында өз наразылықтарын білдіргендерді және осы мүмкіндікті пайдаланып, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыстарға барғандарды нақты ажыратып қараймыз.

Ондай қылмыскерлерді табу – құқық қорғау органдарының міндеті, ал, біз оларға қол ұшын беруге дайынбыз.

Бірақ, жауапты ел азаматтары ретіндегі біздің міндетіміз – бейбіт шерушілерге, сондай-ақ, қылмыскерлердің қолынан және құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да адамдарға көмектесу.

Осыған орай, біз Қазақстанның барлық аймақтарында қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін "Қаңтар" құқықтық қолдау орталығын құрудамыз.

Бұл орталық мынандай қызметтерді атқарады:

- азаматтар мен кез келген қоғамдық ұйымдардан келіп түскен қаңтар оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер туралы ақпаратты жүйелеуге септеседі;

- қаза болғандардың туыстарына, бейбіт наразылық шерулеріне қатысқаны үшін қудалау нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандарға, азаптау мен басқа да адам құқықтарын бұзу салдарынан зардап шеккендерге білікті заңгерлік көмек беру шарасын ұйымдастыруға септеседі.

Біз қоғамдық ұйымдарды, қорғаушыларды, тергеуші-журналистер мен құқық қорғаушыларды, осы мәселеге алаңдаушылық білдіретін барша азаматтарды бірлесіп әрекеттесуге шақырамыз.

Орталық іс-қызметінің нәтижелері мен оның қаржылық есебі жұртшылық назарына ашық ұсынылады. Сондай ақпаратқа жедел қол жеткізу мақсатында жеке электронды ресурс құрылады.

Байланыс телефондары: +7-777-036-9222; +7-777-036-9555.

Абдулов Асылбек

Әбілев Болат

Әбішев Азат

Әпсенбетов Бейбіт

Ахабаев Бейбіт

Аханов Наурызбай

Ахинжанова Лейла

Ахтанова Әсия

Байтасов Арманжан

Баталов Райымбек

Бекшенов Нұржан

Бишібеков Серік

Бүркітбаев Айбар

Жәкішев Мұхтар

Жандосов Ораз

Жовтис Евгений

Жұманов Нұрлан

Ысқақов Архимед

Қадырбаев Досым

Қарабеков Бауыржан

Қарсыбеков Оразхан

Қожасбай Ерлан

Қожахметов Асылбек

Қожахметов Ерқанат

Коковинец Лариса

Коковинец Светлана

Көпбаев Қанат

Қошқаров Мұхтар

Кремениш Николай

Құрмалеев Марат

Мұханов Едіген

Нұғманов Рашид

Нүкенов Барлық

Нұржанов Дәулет

Пискунов Игорь

Саин Аружан

Сарымсақов Айдар

Сейфуллин Сәкен

Тәтішев Еркін

Төребай Қанат

Төрегожина Бахытжан

Тұртаев Алмат

Өтемісов Мұрат

Шайжүнісов Сергей

Чиникеев Талғат

Шәкеев Еркеш", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953296-qazaqstanda-qantar-quqyqtyq-qoldau-ortalygy-quryldy/