Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өскенде қайтарып беремін": Желіде халықтан көмек сұраған 9 жасар Оразымбет үйлі болды

Опубликовано:

Оразымбет
Фото: Instagram/madiyar_serikbayev

Кәрі әжесі, көзі көрмейтін анасы және екі кембағал ағасымен "үй" деп айтуға келмейтін жерде күн кешіп жатқан төртінші сынып оқушысы Оразымбеттің оқиғасы барша елді жылатты. Баспаналы болуды арман еткен жасөспрімінің арманы бүгінде орындалды. Оған Шымкент қаласынан үй берілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты "Харекет" қайырымдылық қорының өкілдері желіде жеткізді.

Белгілі болғандай, Оразымбеттің отбасына халықтан жиналған ақшаға Шымкенттен 30 миллион тұратын 5 бөлмелі жер үй алып берді.

Оған қоса, оның анасының еміне де арнайы тегін сертификат табысталды. Сонымен қатар, Оразымбеттің жеке өзііне 5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді.

"Оразымбет бауырымыздың ең басты арманы орындалды. "Харекет" қорының 561 - баспанасы Оразымбет Мырзан інімізге табысталды. Баспанамен бірге, Ораздың өзіне 5 миллион теңге қаржылай көмек берілді. Оған қоса, "анашымның көзі көріп кетсе екен" деген арманын орындау үшін анасына емделуге сертификат та сыйға берілді. Күллі қазақтың басын біріктіріп, жүректеріне мейірім ұялатқан кішкентай баланың енді ел қатарлы өмір сүріп, білім алуына толық мүмкіндігі бар. Оразымбеттің баспаналы болуына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін атсалысты. Үлес қосқан барша жанға үлкен алғыс білдіреміз!", - делінген видео сипаттамасында.

Асқақ арманы орындалған балақай көпшілік алдында көз жасын тыя алмай, барша отандастарына алғысын жаудырды.

Айта кетейік, бұған дейін желіде баспаналы болғысы келетінін айтып, халықтан көмек сұраған Оразымбеттің видеосы желіде тарап кеткен болатын. Желі қолданушылары мен барша жанашыр адамдар бірден жасөспірімнің арманын орындау үшін ақша жинай бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953633-oskende-qaitaryp-beremin-zelide-xalyqtan-komek-suragan-9-zasar-orazymbet-uili-boldy-video/

pixel