Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аты-жөнін айтқанда сенбедім": Есімі елден бөлек алматылық полицей көпшілікті таң қалдырды

Опубликовано:

Полиция қызметкері Биллклинтон Осипов
фото: Алматы арнасы

Алматыда ерекше есімге ие полиция қызметкері жұмыс істейді. Оның аты әлеуметтік желіде кеңінен таралып, халық арасында қызығушылыққа ие болды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Биллклинтон Осипов қазіргі қызметіне өткен жылдың күзінде орналасқан. Әріптестерінің айтуынша, 1996 жылы дүниеге келген азамат бүгінде өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Әріптестері мұндай есімді бірінші рет естігенін айтады.

"Биллмен алғаш танысып, ол аты-жөнін айтқанда, сенбедім. Сол кезде жеке куәлігіне қарадым. Әзілдеп тұр деп ойлағаным рас. Көзім жеткен соң, оның атына таң қалдым. Өзі қарапайым жігіт, Алматы қаласының тумасы екен", - дейді Медеу ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Думан Оразалиев.

Полиция лейтенантының есімін әріптестері Билл деп қысқартып айтады екен. Оны әріптестері жақсы дос, өз ісінің маманы ретінде біледі.

Алматылық Биллклинтон мінген қызметтік көлік, әрине, президент отыратын қымбат көлік емес. Алайда бұл Отанға абыройлы қызмет етуіне еш кедергі келтірмейді.

Биллклинтонның айтуынша, полиция қызметкерінің бір күні екінші күніне ұқсамайды. Бұл жұмыс сонысымен де қызық дейді.

"Қарапайым күндері 10-15 шақырту болады. Бәріне барамыз. Толық жұмысымызды атқарамыз. Қолдан келгенше өзімізге қатысты жұмысты істеуге тырысамыз", - дейді Медеу ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Биллклинтон Осипов.

Билл шыр етіп дүниеге келгенде оған анасы ырымдап сол кездегі АҚШ президентінің атын қойыпты. Полиция қызметкері бала күнінде сол кісідей болғысы келіпті. Алайда марқұм әкесінің жолын қуып, бүгінде тәртіп сақшысы ретінде қоғам тыныштығын сақтауға атсалысып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954117-aty-zonin-aitqanda-senbedim-esimi-elden-bolek-almatylyq-policei-kopsilikti-tan-qaldyrdy/

pixel