Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметінен босатылды

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған қалалық полция басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қараған.

Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылған. Тиісті қаулы 31 қаңтарда шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.

Оған дейін бұл қызметті Серік Күдебаев атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954135-almaty-oblysynda-zogary-lauazymdy-policiya-qyzmetkerleri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel