jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бұл - шешілетін мәселе": Олжас Құдайбергенов бір ауысымды мектеп жүйесін құруды ұсынды

Фото
Фото: Facebook/Олжас Құдайбергенов

Отандық экономист Олжас Құдайбергенов еліміздің білім беру саласына өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Экономист өз жазбасында аймақтар мен ірі қалалардағы мектептерде білім сапасының алшақтығын барынша азайтатын жолдарды атап көрсетті.

"Жаңа әлеуметтік саясатта барлық өңірлерде тек бір ауысымдағы мектептерді көргім келеді. Бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, балалардың оқыту сапасын арттыруға, мектеп алаңында түскі астан кейін секциялар мен үйірмелер ұйымдастыруға (тіпті, үй тапсырмасын үйге қалдырмай-ақ шешуге болады) мүмкіндік береді, ал егер оқушыларды тамақтандыру (және мектеп формасымен қамтамасыз ету) мәселесі шешілсе, ата-аналар балаларды кешкі уақытта алып кете алады (немесе тіпті, жеткізу мәселесі де шешілсе). Бұл облыстар мен астана арасындағы мектептегі білім сапасының алшақтығын барынша азайтуға мүмкіндік береді", - дейді Олжас Құдайбергенов

Оның пікірінше, білім және ғылым министрлігі бұған дейін де барынша мәселені шешуге тырысқан, алайда қаржының жеткілікті болмауынан және ведомствоаралық бюрократия болғандықтан нәтижеге жетпеген.

"Енді мәселеге тура қырынан қарауға мүмкіндік бар және бизнестен түсетін салық жаңа ойын ережелеріне сәйкес келсе (салықтан жалтаруға жол бермеу), қаржыландыру мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Бір ауысымдық форматта мұғалім жетіспеушілігі мәселесі де бар екені анық, бірақ, жалпы алғанда, бұл шешілетін мәселе, ең бастысы, мұғалімдердің қазіргі құрамы өз міндетін сапалы орындай алады, ал балаларға өз таланттарын көрсете алатын мүмкіндіктер көбейеді", - дейді экономист.

"Бұл - шешілетін мәселе": Олжас Құдайбергенов бір ауысымды мектеп жүйесін құруды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.