Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәлаудың пайдасы жоқ": Баласын ауруханаға тастап кеткен Алматы тұрғыны неліктен бұндай қадамға барғанын айтты

Опубликовано:

ауруханада жатқан бала
Фото: Instagram/zhaloby.almaty

Бірнеше ай бойы ауруханада ата-анасын асыға күткен екі жастағы бүлдіршін әкесімен қауышты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Туыстарының сөзінше, баланың әкесі жақындарымен соңғы уақытта араласпаған. Cонымен қатар, ұлының бар екенін де айтпапты.

Ал "бауыр етінен" бас тартпаймын деген әке ауруханада бірнеше ай бойы жатқан екі жасар нәрестесімен қауышты.

Ол енді ұлының тиісті құжаттарын толық рәсімдегенше, заңгермен кеңесетінін жеткізді.  

"Теледидардан әкесі тастап кетіпті деп көрсетіп жатыр, негізі тым әсірелеп жіберген. Өтірік ол. Бұндағы дәрігерлердің бәрі көріп жүр ғой, мен ай сайын келіп тұрамын, баламды көріп тұрамын. Қолымнан келгенше, әрине. Ол менің балам. Кім өз баласын тастап кете салады екен. Өз балам, өзім асырағым келеді. Әйелімді немесе басқаны кінәлаудың пайдасы жоқ. Бала маған керек", - дейді ер адам.

Оның сөзінше, баланың анасы жоғалып кеткен соң, оны жұмысқа ертіп жүре алмаған. Сондықтан ауруханаға тастап кетуге мәжбүр болыпты.

Ұлын алып кету үшін "жұмыстан келе жатқанда тәртіп сақшылары ұстап алды" дейді баланың әкесі.

Осы орайда заң саласының мамандары ер адамға қатысты ешқандай іс қозғалмағанын, баланы қайтарып алуға мүмкіндігі барын жеткізді.

"Әкесі келді, баласын көрді, жағдайын білді, бізден кеңес алды. Біз өз кезегімізде ары қарай жағдай қалай болатынын түсіндіріп, тиісті кеңестерімізді бердік. Баланың туу туралы куәлігі алынды. Енді балалар үйіне жіберілді", - деді заңгер Рүстем Балтабаев.

Айта кетейік, балақай туралы ақпарат алғаш рет zhaloby_almaty парақшасында жария етілді. Кейінірек медициналық мекемеге баласымен бірге түскен Айдана Аллажарқызы бес айдан бері ауруханада жалғыз жатқан бүлдіршін жайлы жазба қалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954295-kinalaudyn-paidasy-zoq-balasyn-auruxanaga-tastap-ketken-almaty-turgyny-nelikten-bundai-qadamga-barganyn-aitty/

pixel