Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Статистика: 2021 жылы Қазақстан халқының саны 246 мың адамға өсті

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Максим Золотухин

2021 жылы Қазақстан халқының саны 246 мың адамға өсіп, жалпы халық саны 19 125 620 болғаны белгілі болды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми статистика мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Былтыр қала халқының саны 11 355 820 адамға (+1,83 пайыз) жетсе, ауылдағы халық саны – 7 769 800 адам (+0,54 пайыз) болған.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының халқы 4,68 пайызға, яғни 1 239 886 адамға көбейсе, Алматы тұрғындарының саны 2,41 пайызға немесе 2 024 989 адамға, шымкенттіктер саны 3,56 пайызға немесе 1 112 739 адамға өскен.

Қазақстанның басым бөлігінде, нақтырақ айтқанда Ақмола (-0,22 пайыз), Қарағанды (-0,28 пайыз), Қостанай (-0,77 пайыз), Павлодар (-0,52 пайыз), Солтүстік Қазақстан (-1,23 пайыз) және Шығыс Қазақстан (-0,54 пайыз) облыстарында да халық саны өскенін байқауға болады.

Бұған дейін, 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 19 млн адамнан асқаны хабарланған. Осыған қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдаған-ды.

Ал осы айда Алматы халқының саны 2 млн адамнан асты. Айта кетерлік жайт, қаланың миллионыншы тұрғыны 1981 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954419-statistika-2021-zyly-qazaqstan-xalqynyn-sany-246-myn-adamga-osti/

pixel