"Жаңа туған үшемдер бар": Алты баласымен жертөледе тұрып жатқан жанұяның тағдыры көпшілікті алаңдатты

Опубликовано:

Жертөледе тұратын отбасы
скриншот: instagram.com/elge_komek_ber/

Әлеуметтік желіде жертөледе тұрып жатқан алты балалы отбасы туралы ақпарат жарияланды. Үйдің жоқтығынан көпқабатты үйдің астын мекендеп жатқан алты баланың ішінде жаңа туған үшемдер де бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының ресми парақшасы көпқабатты үйдің жертөлесінде тұрып жатқан жанұяға үй алып беруге шақырды.

Желіде жарияланған видеода алты балалы отбасының жертөледе тұрып жатқаны хабарланған. Оның ішіндегі үш бала - жақында ғана дүниеге келген үшемдер.

"Басқа баратын жерім жоқ. Тек осы жерде тұрып жатырмыз. Алты балама баспана болса екен", - деп көзіне жас алды отағасы.

"Жердің үстінде емес, астында адамдар тұрады десем, сенесіздер ме? Жаңа туған үшемдер осы жертөледе тұрып жатыр. Жалпы есебі алты бала бар. Егер біз көмектеспесек, олар осындай жағдайы төмен жерде тұра береді", - дейді видео авторы.

Желі қолданушыларының жазуынша, алты баланың әке-шешесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Жаңа жыл қарсаңында үшемдер дүниеге келген.

Аталған отбасыға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold

4400 4301 4997 5945,

8(707) 201-3030 - Ақтоты Д.Болатқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954467-zana-tugan-usemder-bar-alty-balasymen-zertolede-turyp-zatqan-zanuyanyn-tagdyry-kopsilikti-alandatty/