Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ревакцинация кезінде мұрынға тамызатын вакцина қолданылмақ

Опубликовано:

Спрей
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде коронавирусқа қарсы ревакцинация кезінде азаматтарға мұрынға тамызатын вакцина қолданылмақ, деп хабарлайды РИА Новости елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сынақтар аяқталып, тіркеу куәлігін алғаннан кейін препарат азаматтарды ревакцинациялау үшін қолданылады", - делінген хабарламада.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "Спутник V" вакцинасының мұрынға тамызатын түрін зерттеу оның қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды.

"Коронавирустың алдын алу үшін препараттар арсеналын көбейту адамдардың азғасын инфекциядан қосымша қорғауға мүмкіндік береді", - дейді денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік ғалымдар коронавирусты ғана емес, "омикрон" штамын да анықтай алатын тест жасап шығарғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954486-reseide-revakcinaciya-kezinde-murynga-tamyzatyn-vakcina-qoldanylmaq/

pixel