Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, тағы бір облыс "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

жасыл аймақ11
Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Атырау облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "Сары" аймақта: Атырау, Жамбыл облыстары
  • "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2004-ке дейін азайған болатын.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 9 867 адам аурудан жазылып шықты.

Қазір Қазақстанда 87 637 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 647 пациент стационарда, 77 990 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

437 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955066-koronavirus-epidemiologiyalyq-axual-zaqsaryp-tagy-bir-oblys-sary-aimaqqa-otti/

pixel