Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25-тен аса жол апаты болды: Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Аязда қалған көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Оңтүстік астанада көктайғақ салдарынан бүгін таңғы алтыдан бері 25-тен аса жол апаты болған. Осыған байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілерін жолда мұқият және сақ болуға шақырып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаровтың сөзінше, таңнан бастап қаланың жоғарғы бөлігінде 25-тен аса жол-көлік оқиғасы болған, салдарынан 10 адам зардап шеккен

"Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы көлік қозғалысын едәуір қиындатата түсетіні түсінікті: кептеліс орын алуда, автокөліктердің қозғалуы қиындауда. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көлік апатына жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпке бағынбауы себеп болады: кейбір жүргізушілер апаттық жағдайлар туындатады, қауіпті маневрлер жасайды, бір-бірін сыйламайды, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де рұқсат етілмеген жерлерден жолды кесіп өтеді", - дейді ол.

Саттаровтың айтуынша, тұтастай алғанда осы факторлардың барлығы жалпы жол қозғалысына кері әсер етеді. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау аса маңызды дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Жароков көшесінің бойында 20 шақты көлік соқтығысып қалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955096-25-ten-asa-zol-apaty-boldy-almaty-policiyasy-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel