Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің төрт облысында дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 10 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 ақпанда Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облыстың батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955408-sinoptikter-elimizdin-tort-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel